Date of publication: 06.03.2019 10:27
Date of changing: 06.03.2019 10:30

2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты, коммерциялық емес ұйымдардың салық салу тәртібіне өзгеріс енгізілді және ол Салық кодексімен реттеледі. Жалпы коммерциялық емес ұйымдарға қойылған талап сақталады. Олар:

1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;

         2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым Салық кодексінің мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым болып танылады.

            Сонымен қатар, Салық кодексінің 289 бабының 2 тармағына сәйкес, көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның мына кірістері жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады:

мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс;

         депозиттер бойынша сыйақы;

         кiру жарналары және мүшелiк жарналар;

         кондоминиумға қатысушылардың жарналары;

         депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;

         өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік.

         Бұл ретте коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімге жатқызуға жататын сомасы мына тәсілдердің бірімен:

         289 баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістердің коммерциялық емес ұйым кірістерінің жалпы сомасындағы үлес салмағы негiзге алына отырып;

         289 баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың және басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың бөлек есепке алынуын көздейтін салықтық есепке алу деректері негізінде айқындалады.

            2018 жылға арналған салықтық есептілік нысандары және толтыру тәртібі, КТС бойынша декларациялардың нысандарымен қоса, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №166 бұйрығымен бекітілген.

         2018 жылға КТС бойынша декларацияны толтырудың жаңа ережесіне сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар «коммерциялық емес ұйымдардың салық салуы» 100.10 нысан және «Өтеусіз алынған (берілген) мүлік (қайырымдылық көмек, демеушілік көмек, ақша және басқа мүлік), мүшелік және кіру жарналары» 100.11 нысан қосымшаларын міндетті түрде көрсете отырып, тек бір ғана СЕН 100.00 тапсыруы қажет.

Салық кодексінің 289 бабының 2 тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдардың табысы 100.00.004 жолда көрсетіледі.

Салық кодексінің 289 бабына сәйкес, шегерімге жататан шығыс соммасы коммерциялық емес ұйыммен 100.10 қосымшасының 100.10.026 жолда көрсетіледі.

Жеке салық есебін жүргізетін коммерциялық емес ұйымдар жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте салық салуға жататын кірістер бойынша шығыс соммасын 100.00.009 және 100.00.020 жолда көрсетеді.

Салық кодексінің 288 бабына сәйкес, коммерциялық емес ұйымның салық салу табысын кеміту сомасы 100.00.033 жолда көрсетіледі.

 

                                                                  Шымкент қаласы бойынша МКД