Date of publication: 19.03.2019 18:34
Date of changing: 19.03.2019 18:36

 «Оңтүстік» АЭА» кеден бекетінде басшысы Б.Зортаевтың төрелігімен 2019 жылдың 19 наурызында АЭА  СЭҚ қатысушыларымен  дөңгелек  үстел өткізілді.  Басты мәселе болып Арнайы инвестициялық келісімшарт талқыланды.

Кеден бекектінің бас маманы К.Жумадилова қатысқандарды  Арнайы инвестициялық келісімшарттың мақсатымен таныстырып өтті. Келісімшарттарға сәйкес арнайы инвестициялық жоба шеңберінде ҚР кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген, осы АИК қосымшаға сәйкес дайын өнімді өндіру үшін импортталатын дайын өнім құрамындағы шикізатты және материалдарды кедендік баждар мен қосымша құн салығынан босату түріндегі инвестициялық преференциалар беру болып табылады.

Сонымен қатар, кеден бекетінің мамандары және СЭҚ қатысушыларымен «Астана-1» АЖ-де электронды декларациялау бойынша сұрақтар талқыланды.

 

                                                                      Шымкент қ.бойыңша МКД