
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, «DoingBusiness» рейтингінде Қазақстан позициясын жақсарту мақсатында, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26-шілдедегі Заңының 25-бабының 10-тармағында банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беру жөніндегі міндеттері бекітілген.
Сондай-ақ Төлемдер туралы заңның 50-бабының 5-тармағына сәйкес ЭҮТШ арқылы берілген мәліметтер мен ақпаратты кері қайтарып алуға және көрсетілген төлемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының орындалуын тоқтата тұруға жол берілмейді.
Осылайша бюджетке төленетін міндетті және басқа да төлемдер бойынша ақпараттарды, оларды қағаз түрінде растаусыз бір терезе қағидаты бойынша ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік органдардың, соттардың ақпараттық жүйелеріне беру жөніндегі банктің міндеттемесі заңды деңгейде белгіленген.
01.11.2016 ж. бастап іске қосылған салық және кеден төлемдері бойынша аталған өзара іс-қимыл салық төлеуші төлеуді жүзеге асырғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-ҚР ҚМ МКК) ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-АЖ) төлемдер туралы ақпаратты беру мерзімін 2 жұмыс күнінен бірнеше минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Онлайн режимінде ақпараттарды беру бюджетке төленген салықтық және кедендік төлемдерді жедел растау, тауарларды шығару кезінде төлемді растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуді жою, салық төлеушінің жеке шотына төлемді уақтылы және атаулы тарату және тиісінше мемлекеттік қызметті уақтылы көрсету мақсатында іске асырылды.
01.02.2018 ж. жағдайы бойынша онлайн төлем жүйесіне 33 Банктің ішінен 27 Банк қосылды, олардың ішінде кедендік төлем бойынша – 24 Банк («Қазпошта» АҚ, «Халық банк» АҚ, «ЭкспоКредит» АҚ, «Al-Hilal Ислам Банкі» АҚ, «Банк KassaNova» АҚ, «Шинхан Банк» АҚ, «DeltaBank» АҚ, «QazaqBanki» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ, «RBK Банк» АҚ, «Эксимбанк Казахстан» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ, «АлтынБанк» АҚ, «КаспийБанк» АҚ, «ДБ Банк Китая в Казахстане» АҚ, «Ситибанк Казахстан» АҚ, «Торгово-промышленный Банк Китая в г.Алматы» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «CapitalBankKazakhstan» АҚ).
Төлеуші немесе үшінші тарап төлеуші төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың есебіне ақы төлегенде, Қазақстан Республиқасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 138-бабына сәйкес тауарларды шығарғаны үшін оларды төлеу туралы растауды, оның ішінде банктердің екінші деңгейінде және «электронды үкімет» төлем шлюзі арқылы кедендік баждардың, салықтардың төленген сомалары туралы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Шымкент қаласы бойынша МКД