Date of publication: 26.03.2019 17:01
Date of changing: 26.03.2019 17:02

         Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бірі тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, қойма аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары тұрған) аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайға кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайдан шығуын бақылау жүйелерінің болуы тиіс. 

         Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде қойма аумағында болған оқиғалар туралы бейнеақпараттардың қарауға қол жеткізуге міндетті.

         Бейнеақпаратты қарауға қол жеткізу құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан алынған жедел ақпарат негізінде қойма аумағында соңғы күнтізбелік 30 күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнефайлдардың жазбаларын қарау арқылы жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің және уақытша сақтау қоймасының бейнебақылау жүйелерінің интеграциясы болған жағдайда бейнеақапаратты қарауға қолжетімділікті мемлекеттік кірістер органдары онлайн режимінде уақытша сақтау қоймасының иелері мемлекеттік кірістер органдарына логиндерді және құпия сөздерді ұсыну арқылы тиісті ақпараттық жүйеге кіру үшін жүзеге асырады.

         Бейнеақпартқа мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының қолжетімділігін тіркеу мақатында уақытша сақтау қоймасының иесі Бейнеақпаратқа қолжетімділікті тіркеу журналының  жүргізуін қамтамасыз етеді.

         Журнал нөмірленеді, тігіледі және оның қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы орналасқан мемлекеттік кірістер органдарының мөрімен бекітіледі.

         Бейнеақпараттарды қараудың нәтижесі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы және уақытша сақтау қоймасының иесі Журналда жазба жүргізеді.

         Егер, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейнеақпараттарды қараудың нәтижесінде құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілерін анықтаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы заңнамасына, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес іс-қимылды жүзеге асырады.

      Бұл жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы нысаны бейнематериалдарды алу/көшіру актісіне сәйкес бейнематериалдарды көшіруді және алуды жүзеге асырады.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы