
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
«Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация» (320.00нысаны) тапсырылмайтыны туралы
Құрметті салық төлеушілер (салық агенттері)!
«Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар туралы декларацияны» (320.00 нысан) тапсыруды жоюға қатысты, СЕӨЖ және СТК ақпараттық жүйелеріне өзгерістер енгізу мерзімі, сондай-ақ 328.00 нысан мен 320.00 нысанды жою 2019 жыл ішінде жоспарлануда екенін назарыңызға жеткіземіз. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады.
2019 жылғы сәуір айында «Кеден одағы шеңберінде тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру жөніндегі Жол картасы енгізілетінін еске сала кетейік.
Жол картасы шеңберінде 320.00 «Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация» нысанын тапсыру жойылды, сондай-ақ мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
■ тек электронды нысанда табыс етілген 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш» нысанынан салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салықтарды (ҚҚС, акциздер) автоматты түрде тарату;
■ 328.00 нысанына валюта бағамдарының, акциз бойынша БКК анықтамалығын қосу;
■ тек электронды нысанда табыс етілген 328.00 нысанын автоматты түрде растау не растаудан уәждемелі бас тарту .
Бұл ретте, 328.00 нысанын 2019 жылдың наурыз айын қоса алғандағы салық кезеңі үшін ұсынған жағдайда, 320.00 және 328.00 нысандарын ұсынудың бұрынғы тәртібі сақталады.
Қызмет көрсету бойынша туындаған мәселелер бойынша Салық төлеушінің кабинетінде/СЕӨЖ СТ Сіз СТК/СЕӨЖ Пайдаланушыларды қолдау қызметінің sonosd@mgd.kz электрондық поштасына жүгіне аласыз.