Date of publication: 29.04.2019 09:02
Date of changing: 29.04.2019 09:03

ҚР «Оңалту және банкроттық» туралы Заңында  «кредитор» түсінігіне анықтама берілген. Кредитор – еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша, авторлық сыйақыны, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және борышкердің өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға.

Банкроттық рәсімі барысында арнайы органдар құрылады:  Кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитеті.

Кредиторлар комитеті – кредиторлардың оңалту және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын және осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие өкілді орган.

Кредиторлар жиналысы Оңалту және банкроттық  рәсімінде барлық кредиторлардың мүдделерін  қорғайтын орган болып табылады.

Банкроттық рәсімінде барлық маңызды сұрақтардың шешімі кредиторлардың  құзырына тапсырылған. Кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды және банкроттықты басқарушы етіп тағайындайды. Кредиторлар жиналысы уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысын уәкілетті орган белгілеген шегінде төлеуге жататын мөлшерін кредиторлар жиналысы айқындайды, кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау, мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдау, мүлікті сату жоспарын бекіту, банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау, мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдау өзге  де құқықтары жатады. Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында, сондай-ақ банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту үшін және оңалту жоспарын бекіту үшін  қабылданады.

 Кредиторлар алғашқы жиналысында кредиторлардың мүдделерін білдіру үшін  арнайы құрылған орган болып табылатын және банкроттық рәсімін жүргізудің заңдылығын, дұрыстығын, сондай-ақ  әкімшілердің әрекеттерін  бақылау жөніндегі өкілеттіліктер берілген кредиторлар комитетін құру және  олардың саны туралы шешім қабылдануы тиіс.

Кредиторлар комитетінің банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктеріне шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік шығыстардың орнын толтыру жағдайларын қоспағанда, әкімшілік шығыстардың сметасын және банкроттық рәсімін жүргізу үшін тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді, банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдайды, банкроттықты басқарушы сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды, борышкер мен кредитор арасындағы талаптарды өзара есепке алу туралы шешім қабылдайды. Бұдан басқа  кредиторлар комитеті  өз іс-әрекетінде  рәсімде сатуға бағатталған өзге де бірқатар жедел сұрақтарды шешумен, осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Банкроттық рәсімінде кредиторлар комитетінің құрылуы міндетті болып табылады

Кредиторлар комитетінің құрамын кредиторлар жиналысы қалыптастырады және бекітеді. Кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес кредиторлар комитетінің құрамына біртекті кредиторлардың әрбір тобынан өкілдер ұсынылуы тиіс. Кредиторлар комитетіндегі мүшелердің ең аз саны салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жалғыз кредиторы бар борышкерге қатысты банкроттық рәсімін жүргізу жағдайларын қоспағанда, үш адамнан кем болмайды. Кредиторлар комитетінің мүшесі үлестес тұлға болмауға тиіс, ал аталған талаптарды орындау мүмкін болмаған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды, ал оның өкілеттілігі кредиторлар жиналысына жүктеледі.  

Әрбір кредитор банкроттықты басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты талап етуге, кредиторлардың құқықтары бұзылған жағдайда уәкілетті органға және сотқа әкімшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.

Мұндай, әсіресе мүлікке билік ету тәртібіне қатысты кең көлемдегі өкілеттіліктер жиынтығы, борышкердің төлем қабілетсіздігі салдарынан мүліктік мүдделеріне нұсқан келтірген, кредиторларға берешекті барынша ықтимал көлемде өтеу жөніндегі барлық процестерді бақылауға, сондай-ақ борышкердің немесе әкімшінің банкроттық рәсіміне жеке мақсатта  пайлануға кез келген әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік береді.

Оңалту рәсімі кредиторлар жиналысына мүлікке билік ету, борышкедің іс әрекетін басқару, кандидатураны ұсыну және  оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысын мөлшерін  анықтау құқығы  беріледі.

             Жеделдетілген оңалту рәсімі кезінде кредиторлар жиналысының құқығының  басты  ерекшелігі  оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды енгізуге келісім  беру  болып табылады. Белгіленген уақытта шарт орындалмаған жағдайда, оңалту жоспары келісілмеді деп есептеліп, оңалту рәсімі тоқтатылады.

Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысы өз құқығы шеңберінде рәсімнің мерзімін  ұзарту, қорытынды есеп бекіту мәселелері қаралады. Сондай-ақ кредиторлар жиналысының  құқығына  кредиторлар комитетін құру және олардың  санын анықтау, төрағасын сайлау  кіреді.

Кредиторлар комитетінің  банкроттық және оңалту  рәсіміндегі  өкілеттіліктері ұқсас.

Оңалту рәсімінде бұдан басқа әкімшінің іс-әрекетіне тікелей кредиторлар комитетінің шағымдану мүмкіндігі, борышкерге мелекеттік қолдау шараларын қолдануға келісім беру жөніндегі өкілеттіліктер және тиісінше мемлекет қолдау көрсеткен кезде оңалту рәсімін тоқтата тұру, аудиторлық тексеру және түгендеу нәтижелерін назарға алу, сондай-ақ  өзге де ағымдағы мәселелерді шешу.

Осылайша, кредиторларға  оңалту және банкроттық рәсімінің нәтижесіне  елеулі  әсер ететін  өкілеттіліктер  берілген.

 

 

Шымкент қаласы бойынша МКД