Date of publication: 02.05.2019 17:00
Date of changing: 02.05.2019 17:01

«Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімдерін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына төмендегі өзгерістер енгізілген,яғни;

         1) Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін бұйрықпен бекітілген;

         2) Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары осы бұйрыққа сәйкес бекітілген.

         Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

         ЕБМ  (есепке алу-бақылау маркалары) және акциздік маркаларды жасап шығаруды және оларды жеткізуді және алушыларға беруді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және алушылармен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым  жүзеге асырады.

         Салық кодексіннң 172-бабының 7 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға ЕБМ алғанға дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астанасы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына  Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін  бекітілген нысан бойынша ұсынады.

         Алушылар болып мыналар табылады:

         алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

         Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттер (бұдан әрі – импорттаушы);

         борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі – ЕБМ) алушылар болып табылады.

         ЕБМ алушар болып табылатындар:

         Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

         борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар акциздік маркаларды алушылар болып табылады.

         ЕБМ немесе акциздік маркаларды жасап шығарғаны үшін төлемді алушылар олардың өтініміне сәйкес өнім берушінің банк шотына ақша аудару жолымен ЕБМ немесе акциздік маркаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-і күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әр ай бойынша бөлек жүргізеді.

         Мыналарға тыйым салынған:

         бір алушы алған ЕБМ немесе акциздік маркаларды басқа алушыға беруге;

         алушының бір сыртқы сауда шартын (келісімшартты) орындау кезінде алкоголь өнімдерін таңбалау үшін алынған ЕБМ басқа сыртқы сауда шартын (келісімшартты) орындау үшін пайдалануға жол берілмейді.

         Алушыларға акциздік маркаларды беруді жеткізуші акциздік маркаларды алуға өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

         Алкоголь өніміне ЕБМ немесе темекі өнімдеріне акциздік маркаларды берілген кезде, жеткізуші ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде жүкқұжатты дайындайды.

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы