Date of publication: 04.05.2019 09:14
Date of changing: 04.05.2019 09:17

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Әділет Министрлігі 2019 жылдың 6-17 мамыр аралығында «Контрафакт» Республикалық акциясын өткізетіндігін хабарлайды.

Аталған акция шеңберінде 16-29 жас аралығындағы жастар арасында «Қазақстанда контрафактілік жоқ» атты үздік қысқа бейнероликке (vine) және 14-16 жас аралығындағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет моделі 2050 жыл» атты үздік эссесіне республикалық конкурстар, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша интернет - конференцияға, Нұр-Сұлтан қаласында «Контрафакт» акциясын аяқтау рәсімі өткізу көзделген.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 13 мамыр күні зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша интернет – конференция өткізілетіндігін қосымша хабарлаймыз.

Акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

                                                          Шымкент қаласы бойынша МКД