
Құрметті салық төлеушілер, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.
2019 жылдың 1 мамыр жағдайына Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 191 млн.тг. құрайтын негізгі қарызын төлеген 1254 салық төлеушілердің 23 млн.тг. құрайтын өсімпұлмен 214 мың тг. құрайтын айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шешімдер қабылданған.
Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 45,9 млрд. теңге салық берешегі бар 4 822 шағын және орта бизнес субъектілері рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз.
Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатындығын назарларыңызға аламыз.
Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, бересі сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдау қажет.
Салық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қалалсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.