Date of publication: 08.05.2019 17:08
Date of changing: 08.05.2019 17:10

Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

 

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев Қаржы Министрі Әлихан Смайыловтың Бұйрығымен тағайындалған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейспековты ұжымға таныстырды.

Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков, 1963 жылы туылған, ұлты  қазақ, білімі  жоғары: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Қарағанды облысының ішкі істер органында 1984 жылдың тамыз айынан бастап 1994 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет етті.

Кедендік органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істеді.

Әр түрлі уақытта кеден бекеттерінің басшысы лауазымдарында «Қайрақ», «Майқапшағай», «Достық» кеденінде, Алматы, Павлодар облысы бойынша кеден бақылау Департаментінің басшысы болып қызмет етті. 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеден бақылау комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалған. 2014 жылғы 17 ақпаннан - Қазақстан Республикасы Беларус Республикасындағы елшілігінде кеңесші, 2018 жылғы 4 қазаннан - Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)