Date of publication: 08.05.2019 17:13
Date of changing: 08.05.2019 17:14

Мамаев Талғат Шәриұлы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

 

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев Қаржы Министрі Әлихан Смайыловтың Бұйрығымен тағайындалған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мамаев Талғатты ұжымға таныстырды.

Мамаев Талғат Шәриұлы, 1977 жылы туылған, қазақ, білімі жоғарғы, 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастары» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – шетел тілдері білімі бар экономист.

Салық жүйесінде 2005 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқарады, Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма басшысы, төраға орынбасары қызметтерін атқарды, 2008 жылдан 2012 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2012 жылдан 2014 жылға дейін - Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014 жылдан 2017 жылға дейін - Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017 жылдан осы уакытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры.

2019 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)