Date of publication: 08.05.2019 17:16
Date of changing: 08.05.2019 17:16

Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

 

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев Қаржы Министрі Әлихан Смайыловтың Бұйрығымен тағайындалған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевты ұжымға таныстырды.

Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев 1977 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары: 1998 жылы - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді,  2002 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану»  мамандығы бойынша бітірді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  2012 жылдың  маусым айындағы шешімімен «Экономика ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасының салықтық кеңесшілер Палатасының мүшесі.

Алматы қаласы Медеу, Әуезов аудандары бойынша салық басқармаларының басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің басшысының орынбасары, 2018 жылғы 19 ақпаннан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)