
Шымкент қаласы бойынша МКД 2019 жылдың 17 сәуірінен бастап деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын тіркеу онлайн режимде жүзеге асырылатындығын салық төлеушілердің назарына жеткізеді.
Онлайн-БКМ мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге қою «Қазақтелеком» АҚ операторының фискалді деректерінің негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша, кәсіпкер фискалды деректер операторы сайтында БКМ тіркегеннен кейін мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына автоматты түрде келіп түседі. Яғни, салық төлеуші салық мекемесіне баруы міндетті емес.
БКМ тіркеу рәсімі келесідей:
- Салық төлеуші БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген онлайн БКМ алады;
- Салық төлеуші фискалды деректер операторының oofd.kz сайтындағы порталына кіреді;
- Сайтқа ЭЦҚ арқылы тіркеуден өтеді;
- БКМ туралы қажетті ақпараттарды енгізе отырып (БКМ маркасы, заводтық нөмірі, шығарылған жылы, БКМ қолданатын жері) онлайн БКМ тіркеуден өткізеді, бұл мәліметтер ҚР ҚМ МКК автоматты түрде тексеруден өтеді;
- Тексеруден кейін автоматты түрде БКМ тіркеу карточкасы ашылып, БКМ тіркеу нөмірі беріледі;
- oofd.kz сайтында мекемені тіркеу арқылы жеке кабинет ашылады (тіркеу үшін келесідей мәліметтер қажет: мекеме атауы, ЖСН/БСН, заңды мекен-жайы);
- Фискалды деректер операторындағы (ФДО) жеке кабинетте тіркеу нөмірі бар БКМ тіркеледі;
Қолданушы нұсқаулығы ФДО порталында орналастырылған.
Түсіндіру жұмыс басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД