
2019 жылдың 22 мамырында «АЭА Оңтүстік» кеден бекетінде кеден бекеті басшысы Б.Зортаевтың төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, пара алу-беру жағдайларының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге кеден бекетінің қызметкерлері және СЭҚ қатысушылары («Бал-Текстиль» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Назар-Текстиль» ЖШС, «АГФ-Групп» ӨК ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «Azala Cotton» ЖШС) қатысты.
«АЭА Оңтүстік» кеден бекеті басшысы Б.Зортаев жиынға қатысқан СЭҚ қатысушыларына кеден бекетінің қызметкерлеріне заңсыз сыйлықтар мен пара бергені үшін жауапкершілік сондай ақ пара берген салық төлеушіге де қатысты екенін ескертті.
Сонымен қатар, кеден бекетінің бас маманы К.Жумадилова сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың механизмдері және профилактикалық шараларға ерекше мән беріліп жатқаны туралы сөз етті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу және жауапкершілік мәселелері қызу талқыланды.
Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарса заңнаманы түсіндіруге және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағыталды.