Date of publication: 28.05.2019 16:06
Date of changing: 28.05.2019 16:07

         Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабардар етеді Салық кодексінің 1 бабының 19) тармақшасында салық салу мақсаттары үшін негізгі ұғым - жеке практикамен айналысатын адам ол жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор.

         Қызметін бастау алдында жеке тұлға жеке практикамен айналысатын адам ретінде салық органдарына тіркеу есебіне тұруы және №1 нысанға сәйкес «Электронды Үкімет» ( www.egov.kz) веб-порталы арқылы өз өтінішін өткізу қажет.

         Салық кодексінің 336-бабына сәйкес заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады деп көрсетілген.

         Қазақстан Республикасының  2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI Заңының 33 бабына сәйкес Салық кодексінің мазмұнындағы 316366-баптары (8-бөлім жеке табыс салығы) тақырыптарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын делінген.

         ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ (ЖТС) =  ай сайынғы табысының 10 %  мөлшерің қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.

         ЖТС есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады (365 бап,3 тармағы СК).

         Дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн (2 525 х 2 = 5 050 теңге), және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

         Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін салық салу объектісі болып табылады.

         Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

         Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салықтың сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі (Салық кодексінің 486 бабы,3 тармағы).

         Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салықтық кезең болып табылады (Салық кодексінің 488 бабы 1 тармағы).

         Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салықтық кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрілмей жүргiзiледi (Салық кодексінің 487 бабы, 1 тармағы).

         Осыған қоса, жеке практикамен айналысатын адам міндетті төлемдерді есептеуге және  төлеуге міндетті.

         Жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00 нысаны) тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.

         Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 нысаны) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.

         Жеке практикамен айналысатын адамның ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерінен (75 750 000 теңге) асатын жағдайда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуге қажет (Салық кодексінің 367 бабы).

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы