Date of publication: 28.05.2019 16:09
Date of changing: 28.05.2019 16:11

Алдағы уақытта жазғы демалыстар кезеңі басталып, шет елге шығуға ниеттілер саны көбейеді. Осы жағдайда көптен күткен демалысты кейінге қалдырмау үшін салық төлеушілерді өзінің салықтық  берешегінің жоқ немесе бар екендігін алдын-ала тексеріп алуға шақырамыз.

Ол үшін салық төлеуші жеке сәйкестендіру нөмірін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтының «Электронды сервистер бөлімі» - «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер бөлігіне  https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web енгізуі қажет. Бұл процесті кез-келген гаджеттің-смартфон, айпад, планшет және т.б. көмегімен  небәрі бірнеше минут ішінде орындауға болады.

Егер тексеру нәтижесінде салықтық берешегі анықталған жағдайда төлемді кез-келген екінші дәрежелі банктен, Казпошта бөлімшелерінен немесе электронды порталдар арқылы (Казахстанаbank, Kaspi.kz және т.б) жүзеге асыруға болады.

Салық бойынша 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2019 жылы – 2525 тенге) берешегі бар жеке тұлғаларға хабарлама берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдары берешекті өндіру туралы салықтық бұйрығын шығарып, жеке тұлғаға жібереді. Электронды салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаларға хабарлама және бұйрық салық төлеушінің кабинеті арқылы жолданады. Әрі қарай, салықтық бұйрық берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, құжаттар мәжбүрлі түрде өндіру үшін сот орындаушыға жолданады.

Қазіргі таңда, салықтық берешегі бар 142,0 мың салық төлеушіге мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолдануда.

                                                                                                                                 

Шымкент қаласы бойынша МКД