
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шартты түрде салықтық рақымшылыққа жататын шағын және орта бизнес субъектілердің 50%-ы салықтардан негізгі қарызын төлеген
Бүгін, 2019 жылдың 31 мамырында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің қатысуымен салық төлеушілерге арналған конференция өткізілді. Салық төлеушілерге Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған салықтық рақымшылықтың жүргізілу барысы туралы баяндалды.
М.Е. Сұлтанғазиев шағын және орта бизнес субъектілерін жиналған қарыздардан құтылып, мемлекеттік кірістер органдарымен салынған шектеулерді жоюға шақырды.
Салықтық рақымшылық 2019 жылдың соңына дейін жалғасатынын еске саламыз.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 90 077 шағын және орта бизнес субъектілерінде өтелмеген салықтық берешегі болған, олардың бересі сомасы 210,4 млрд.теңге, өсімпұлдар – 122,9 млрд.теңге, айыппұлдар – 7,4 млрд.теңгені құрағанын атап өткен жөн.
Салықтық рақымшылыққа қатысу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.
Салықтық рақымшылықты жүргізу тәртібіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары өз еркімен салық төлеушілердің жеке шоттарын тексеріп, күнделікті салықтың негізгі сомасының төленуіне мониторинг жүргізеді.
ҚР ҚМ МКК Төрағасының Орынбасары Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев өз баяндамасында бүгінгі күнге жалпы республика бойынша 37 644 салық төлеуші салық бересін өтеп, олар бойынша 2,0 млрд. теңге сомасындағы өсімпұл және 99,0 млн. теңге сомасындағы айыппұл есептен шығарылатынын жатап өтті.
Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл және Қостанай облыстарының салық төлеушілері рақымшылықтың ең белсенді қатысушылары болып табылады.
Осылайша, 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша бересі сомасын өтеген шағын және орта бизнес субъектілердің саны шартты түрде рақымшылыққа жататын салық төлеушілердің 50%-дан астамын құрайды.
Сондай-ақ, Ж.Д. Іңкәрбаев өз сөзінде жеке тұлғалар үшін алдағы болатын салықтық рақымшылық туралы айтып берді.
Бұл орайда, Комитетпен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына түзетулер әзірленген, осы түзетулер 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлғамен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару қарастырылған.
Түзетулерді қабылдаған жағдайда рақымшылыққа 1 390,0 мың адам жатады, оларға 13,9 млрд.теңге сомасында бересіні төлеу шартын орындаған кезде 7,0 млрд.теңге өсімпұл есептен шығарылатын болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі