
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын тиімді бақылау мақсатында, 2016-2018 жылдардың аралығында "АСТАНА - 1" ақпараттық жүйесі арқылы жасыл, көк дәлізде шығарылған тауарларға арналған декларацияларға деректерді салыстыра отырып мониторинг жүргізді.
Аталған кезеңде Департаменттің қызмет аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінде 22 384 ТД немесе 2 274 СЭҚ қатысушылары тауарларды кедендік декларациялау жүргізген.
Кеден заңнамасын бұзу ықтималдығына талдау жүргізу мақсатында, құжаттар мен мәліметтерді жинақтақтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отырады. Пост-кедендік бақылау бөлімшесі жүргізетін барлық тексерулер тексерілетін адамдардың қызметі талданғаннан кейін бұзушылықтардың нақты фактілері болған жағдайда ғана тағайындалады.
Ағымдағы жылдың 5 айында 1 көшпелі кедендік тексеру жүргізілді, нәтижесінде, кедендік құнды төмендетуге байланысты 181 млн. теңге қосымша есептелінді және 20 камералдық кедендік тексеру жүргізіліп қосымша есептеу сомасы 124,3 млн. теңгені құрап 59,6 млн. теңге өндірілді.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы бойынша тауарларды шығарғанға дейін басталған және тауарларды шығарғаннан кейін аяқталған кедендік декларацияларда мәлімделген құжаттар мен мәліметтер бойынша 204 тексеру жүргізілді, нәтижесінде тауарлардың кедендік құнына 20 млн.теңгеге түзету туралы шешім шығарылды.
Шымкент қ. бойынша Пост-кедендік бақылау басқармасы