
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың институционалдық реформаларын іске асыру бойынша Халық жоспары – 100 қадам жоспарын орындау деңгейінің тәжірибелік бастауынан, қазақстандық арман –ХХІ ғасырдың лидері - 30 елдің бірі болуға жол ашылды.
Бұл жердегі ауқымды жұмыс экономикалық өсім және индустриализациялауды қамтамасыз ету бойынша қайта құру кешені-үшінші реформаторлық бағытпен байланысты.
Кедендік әкімшілеу мен оның іске асыру механизмін жақсартуға арналған шаралар үлкен маңызға ие.
Осылай, 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларды кедендік тазартуды автоматтандыру және электронды декларациялау жүйесін қарастыратын «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Жоспардың тапсырмасы қазіргі таңдағы аса маңызды сұрақтардың бірі-кедендік іс-шараларды жеңілдету болып табылады, яғни: - халықаралың стандарттар мен тәжірибеге, ДСҰ нормаларына сәйкес кедендік саясатпен рәсімдерді оңтайландуры, электронды декларациялау жүйесін енгізу, импортпен экспортқа арналған құжаттар санын және оны қарастыру уақытын қысқарту, пост-аудит және тәуекелдерді басқарудың тиімді әдістерін енгізу.
Межелі пунктіге жеткен тауарларды сақтаудың электронды құжатын тіркеу кезінде есепке алынатын транзиттік декларацияны ресімдеуге қажетті алдын ала ақпаратты құру мүмкіндігі. Электронды пакетті құрудың аталған рәсімі тауарларға арналған декларацияны жасау кезінде қолданылады. Барлық кедендік формальдылықтар: алдын ала декларациялау, кедендік шекараны өту, тауарды жеткізуді бақылау, ТД толтыру және шығару мемлекеттік кірістер органдарымен, кедендік өкілдермен/декларанттармен «АСТАНА-1» ақпараттық жәйесінде бір терезе қағидатымен жүргізіледі.
Кедендік бақылау жүргізу кезінде ТД жөнелтілген дәлізіне байланысты кеден бекетінің лауазымды тұлғасынан құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы сұрау электронды пошта арқылы жүзеге асырылады. Тауарларды кедендік тазарту уақыты қысқартылды – бұл дегеніміз УСҚ тауарларды сақтау және теміржол немесе өзге орындарды тұрып қалумен байланысты СЭҚ қатысушының тікелей шығындардың қысқаруы.
Осылайша, тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзит пунктінен кірген сәттен бастап «АСТАНА-1» АЖ-де кедендік тазарту рәсімін өткенге дейін СЭҚ қатысушыға бірыңғай ақпараттық платформада отырып, кедендік формальдылықтарға қатысты операцияларды кеңсесінен шықпай-ақ жүзеге асыра береді.
Сондай-ақ, тауарларды кедендік тазартудың мерзімін қысқартуға мүмкіндік жасау үшін, төленген КТ және С-дың 20 минут ішінде СЭҚ қатысушының дербес шотына түсіретін екінші деңгейдегі банктер «АСТАНА-1» АЖ қосылған.
«АСТАНА-1» АЖ қолданушыларға өтеусіз түрде ұсынылады. Болашақта «АСТАНА-1» АЖ «Е-терезе» қағидасы бойынша басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі. СЭҚ қатысушылар кедендік бекетке келу мұқтажы жоқ.
«АСТАНА-1» АЖ тауарларға арналған декларациялар (бұдан ары- ТД) қабылдау тәуліктік режімде жүргізіледі. ТД шығаруда бақылау функциялары кеден бекетінің жұмыс регламентіне сәйкес бекітілген жұмыс уақытында жүргізіледі. Форматтық-логикалық бақылау мәліметтердің толық енгізілуіне нақты уақытта тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару жүйесінде (бұдан ары – ТБЖ) «дәліздерді» автоматты түрде таңдау тауарды кедендік тазартуда кеден бекетінің уәкілетті лауазымды тұлғасының іс әрекетін реттеуді анықтауға мүмкіндік береді. «АСТАНА-1» АЖ декларация автоматты түрде тіркелуі және «жасыл дәліз» бойынша тәуекелдер болмаған жағдайда декларация автоматты түрде шығарылу мүмкіндігі СЭҚҚ және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында тікелей қатынасты қысқартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге тиімді әсер етеді.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы