Date of publication: 07.06.2019 17:36
Date of changing: 07.06.2019 17:36

Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздерді салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар-кеңеске қатысуға шақырады.

Семинарда салықтық рақымшылық, онлайн бақылау-касса машиналары, арнаулы салық режимі және басқа да сұрақтар қарастырылатын болады.

Семинар-кеңес 2019 жылдың 11 маусым күні сағат 15-00 Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 68,  Диагностикалық орталықтың жанында.

Сұрақтар мен ұсыныстарды алдын-ала Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына kanc5822@kgd.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе 8(7252)53-01-51;53-01-71 байланыс телефондары арқылы жолдауға болады.

 

Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы