
Таңғы сағат 7-ден бастап Департамент қызметкерлері өз отбасы мүшелерімен бірге Мемлекет Президентін кезектен тыс сайлауға белсенді қатысты. «Біздің елдің Мемлекет басшысын сайлау – әрбір қазақстандықтың, оның ішінде, бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің парызы»,- деп есептейді Шымкент қ. бойынша МКД-нің қызметкерлері. Сондай-ақ, Шымкент қ. бойынша Мемлекеттің кірістер департаментінің аумақтық басқармаларының қызметкерлері де өз сайлау учаскелерінде толығымен белсенділік танытты.