Date of publication: 10.06.2019 17:15
Date of changing: 10.06.2019 19:00

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚР ҚМ МКК) ұйымдастыруымен, 2019 жылдың маусым айының 06-07 күндері, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, акциздерді әкімшілендіру бөлімінің және алкоголь өнімін өндіру және импорттаушы мекемелердің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

Бұл семинарда, ҚР ҚМ-нің 14.03.2019 жылғы №236 «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың ҚР алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» ҚР ҚМ-нің 08.02.2018 жылғы №144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, есепке алу-бақылау маркаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкноттық фабрикасы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынға беруіне байланысты, «ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркалары мен басқа баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру» ақпараттық жүйесі тақырыбы қозғалды.

Семинар барысында, түсіндіру жұмыстарын ҚР ҚМ МКК-нің акциздерді әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Темірғалиева Бағлан Амантаевна ашып, жүргізді.

Сондай      ақ, «ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркалары мен басқа баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру» ақпараттық жүйесі бойынша техникалық жағын түсіндіру бойынша «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ-ның маманы Рахимов Елдос таныстырып өтті.

 

                                                 Шымкент қаласы бойынша МКД

                                                 Акциздерді әкімшілендіру бөлімі