Date of publication: 11.06.2019 19:11
Date of changing: 11.06.2019 19:12

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздерді салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар-кеңеске қатысуға шақырады.

Семинарда салықтық рақымшылық, онлайн бақылау-касса машиналары, арнаулы салық режимі және басқа да сұрақтар қарастырылатын болады.

Семинар-кеңес 2019 жылдың 13 маусым күні сағат 15-00 Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Театр көшесі 33.

Сұрақтар мен ұсыныстарды алдын-ала Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына kanc5823@kgd.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе 8(7252)56-33-04, 56-33-08 байланыс телефондары арқылы жолдауға болады.

 

Абай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы