
Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздерді салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар-кеңеске қатысуға шақырады.
Семинарда салықтық рақымшылық, онлайн бақылау-касса машиналары, арнаулы салық режимі және басқа да сұрақтар қарастырылатын болады.
Семинар-кеңес 2019 жылдың 12 маусым күні сағат 15-00 Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көш. 68.
Сұрақтар мен ұсыныстарды алдын-ала Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына kanc5824@kgd.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе 8(7252)36-71-12,36-71-16 байланыс телефондары арқылы жолдауға болады.
Еңбекші ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы