Date of publication: 11.06.2019 19:16
Date of changing: 11.06.2019 19:17

Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздерді салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша семинар-кеңеске қатысуға шақырады.

Семинарда салықтық рақымшылық, онлайн бақылау-касса машиналары, арнаулы салық режимі және басқа да сұрақтар қарастырылатын болады.

Семинар-кеңес 2019 жылдың 14 маусым күні сағат 10-00 Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көш. 68, Диагностикалық орталықтың қасында.

Сұрақтар мен ұсыныстарды алдын-ала Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына kanc5825@kgd.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе 8(7252) 30-04-68, 41-32-58 байланыс телефондары арқылы жолдауға болады.

 

Қаратау ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы