
2019 жылғы 11 маусымда Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Шымкент-КРО" кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кедендік декларациялау мәселелері бойынша "дөңгелек үстел" өтті.
Іс-шараның модераторы кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Т.Тұрғанбаев болды.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға шартты шығарылымды алу және жабу, оны ұзарту рәсімі, сондай-ақ сертификаттарды уақтылы ұсынбағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.
Сондай-ақ Кеден декларацияларын қайтарып алу және жою тәртібі түсіндірілді.
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тауарға арналған декларацияны түзетуді талап ету фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты қағаз тасығышта мұндай талаптардың заңсыздығы туралы түсіндірілді. Декларанттың толтырылған КДТ нысанын ұсынуы тек электрондық нысанда жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен қатар, "дөңгелек үстел" қатысушыларына ТД-да дұрыс емес мәліметтерді көрсетуге жол бермеу, Кедендік бақылау нәтижелерін қосу қажеттілігі және тауарларды декларациялау ережелерін бұзуды болдырмау туралы талап етілді.