
«Оңтүстік АЭА» кеден бекетінде СЭҚ қатысушылары кеден қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13 маусымында «Оңтүстік АЭА» кеден бекетінде СЭҚ қатысушыларға арнап семинар-кеңес өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қойылды.
- «Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері туралы» ҚР ҚМ 2018 жылдың 20 ақпанындағы №247 бұйрығы туралы;
- Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, пара алу-беру жағдайларының алдың алу мәселелері.
Семинар-кеңес «Оңтүстік АЭА» кеден бекеті басшысы Ш.Ақшаев және Шымкент қаласы бойынша МКД пост-кедендік бақылау басқарма басшысы Е.Тауасаровпен өткізілді.
Кеден бекет басшысы Ш.Ақшаев семинар-кеңесті ашып, «Арнайы экономикалық аймақтың кейбір мәселелері туралы» ҚР ҚМ 2018 жылдың 20 ақпанындағы №247 бұйрығымен таңыстырып, сонымен қатар кеден бекетінің бақылау-өткізу тірегінен СЭҚ қатысушылары дайын өнімді шығару барысында пайда болған шікізат қалдықтарын «Оңтүстік АЭА» аумағынан шығарылатын жағдайда, өндіріс қалдықтарын- атын, шікізат келген елді, санын, салмағын, қандай рәсімді қолданатындығын көрсете отырып, Департаментке өтініш жазып, рұқсат алу керектігін айтып кетті.
Өз кезегінде пост-кедендік бақылау басқармасының басшысы Таусаров Е СЭҚ қатысушылары қойған сұрақтарына жаң-жақты жауап берді.
Семинар-кеңестің соңында Ақшаев Ш семинар-кеңеске қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді қатаң ескертті.
«Оңтүстік АЭА» кеден бекетінде