
Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басқарма басшысы Н.А.Тулеевтің төрағалық етуімен салық төлеушілер мен бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдерінің қатысуымен, барлығы- 135 адам, 2019 жылдың 13 маусымында салық заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар-кеңесі өткізілді. Мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты қызметкерлері салық заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістермен толықтыруларына толығырақ тоқталды.
Бүгінгі таңда, Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Түбіртекті талап ет те –жүлде ұтып ал» Акциясы толыққанды слайдтар арқылы көрсетіліп, түсіндіріліп, қаламыздың барлық тұрғыны сауда саттық жасаған кезде Бақылау кассалық машина чегін талап етуге шақырылды.
Қазіргі таңда, өзекті мәселелердің бірі, яғни маңыздысы ол- ағымдағы жылы қолма қол ақша қаражаты бойынша қызметті жүзеге асыратын 633 қызмет түрі Онлайн БКМ қолдануға барлық кәсіпкерлер міндетті екені кең көлемде түсіндірілді.
Сонымен қатар, Салықтық рақымшылық бойынша, салықты негізгі сомасын төлеген жағдайда айыппұлдарды және өсімпұлдарды жоюды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлерге амнистияны бастауды Тұңғыш Президентіміз Жолдауында тапсырған болатын. Амнистия 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2018 жылдың 1 қазандағы негізгі қарыздың өтелуіне жататын шағын және орта бизнеске салынатын айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығаруды көздейді. Бұл жағдайда айыппұл сомасы 2018 жылғы 1 қазанға дейін, және негізгі қарызды төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады.
Тағы айта кететін мәселе, Салық төлеушілер тарапынан «Виртуалды қойма» бойынша сұрақтар қойылды, атап айтқанда ЕАЭО мемлекеттерінен сатып алынған тауарлар бойынша электронды шот-фактуралар қалай жазылу керектігіне түсіндірілді. Оған қоса, салық төлеушілер тәуекелдерді басқару жүйесі туралы сұрақтар қойылып, салық кодексінің талаптарына сәйкес, толық жауап берілді.
Абай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы