
Бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – БКМ) қолдану тәртібі
Салық кодексінің 166-баптың 7-тармағында БКМ чегінде көрсетілуге жататын ақпарат тізілімі кеңейтілді, келесі мазмұндамада:
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.
Салық кодексінде белгіленген БКМ қолдану кезінде қойылатын талаптарды сақтау салық төлеушінің міндеті болып табылады (Салық кодексінің 13-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы).
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы