
14.06.2019 жылы Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен Салық Кодексіне 2019 жылдың 1 қантарынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салықтық рақымшылық, онлайн бақылау касса машиналарын қолдануға өту, «түбіртекті талап ет жүлде ұтып ал» Акциясы, тәуекелдерді басқару жүйесі, электронды шотфактуралар жазу, виртуалдық қойма туралы түсіндіру сұрақтары бойынша БАҚ өкілдірі және салық төлеушілер қатысуымен , барлығы 115 адам, семинар кеңес өткізілді.
Семинар-кеңестің Төрағасы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Құдияров кіріспе сөзінде қатысушыларды бағдарламамен таныстырып, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталды. Қатысушыларды ағымдағы жылы қолма-қол ақша қаражаты бойынша қызметті жүзеге асыратын 633 қызмет түрі онлайн БКМ қолдануға міндетті екенін көрсете отырып, онлайн БКМ қолдану мәселелеріне назарын аударды. Қазіргі таңда бүкіл Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Чекті талап етте-жүлдені ұтып ал» Акциясы туралы толыққанды түсіндіріп, қаламыздың әр тұрғыны өзінің азаматтық көз қарасын өзгертіп сауда-саттық жасаған кезде БКМ чегін талап етуге шақырды.
Салықтық рақымшылық бойынша, салықты негізгі сомасын төлеген жағдайда айыппұлдарды және өсімпұлдарды жоюды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлерге амнистияны бастауды Тұңғыш Президентіміз Жолдауында тапсырған болатын. Амнистия 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2018 жылдың 1 қазандағы негізгі қарыздың өтелуіне жататын шағын және орта бизнеске салынатын айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығаруды көздейді. Бұл жағдайда айыппұл сомасы 2018 жылғы 1 қазанға дейін, және негізгі қарызды төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады -деп айтылды.
Сонымен қатар, «Виртуалды қойма» бойынша, атап айтқанда ЕАЭО мемлекеттерінен сатып алынған тауарлар бойынша электронды шот-фактуралар қалай жазылу керектігі түсіндірілді.
Осыған қоса, салық төлеушілер тәуекелдерді басқару жүйесі туралы сұрақтар қойылып, салық кодексінің талаптарына сәйкес, толық жауап берілді.
Семинар барысында сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Қаратау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы