
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 24-баптың 15) тармақшасында салық төлеуші банкке хабарласу күні берешегін төлеген кезде, банк осындай салық төлеушінің банк шотын ашуға құқылы екендігін анықтады;
26-баптың 24-тармағында сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтері туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуы белгіленген.
Салық органдары бұл мәліметтерді Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін пайдаланады.
Мәліметтерді беру тәртібі уәкілетті органмен анықталады.
Көрсетілген норма салықтық әкімшілендірудің жақсартуына, құжаттамалық тексерудің қысқартуына, аналитиканың күшейуіне (құжаттық тексеруге шықпай мониторингтеуіне) және тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруына мүмкіндік жасайды.
Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыстары басқармасы