Date of publication: 24.06.2019 09:48
Date of changing: 24.06.2019 09:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«ВИРТУАЛДЫ  ҚОЙМА» МОДУЛІН ҚОЛДАНУ ЖОЛЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАЛАРДЫ ЖАЗДЫРЫП АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

 

2019 жылдың 19-21 маусым аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Виртуалды  қойма» модулін қолдану жолымен электрондық шот-фактураларды жаздырып алу ерекшеліктері» тақырыбына бейне байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - «Виртуалды қойма» модулін қолдану арқылы электрондық шот-фактураларды жаздырып алу ерекшеліктерінің принциптерін, негіздерін, тәртібін түсіндіру.

Іс – жүзіндегі тәжірибеге қарағанда, «Виртуалды қойма» модулін қолдану арқылы электрондық шот-фактураларды жаздырып алу ерекшеліктері бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың ішіндегі түсінік беруге ең жиі түсетін сұрақтардың бірі болып есептеледі.

Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов атқарды. 

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімдерінің  қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Данара Едгеровна Жампозова -  ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының бас сарапшысы  қатысты.

Сонымен қатар, семинарда  Айсулу Касеновна Бурамбаева – ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет және цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының басшысы сөз сөйледі.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі