Date of publication: 28.06.2019 17:35
Date of changing: 28.06.2019 17:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

КЕДЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТИЫМ САЛЫНҒАН ТАУАРЛАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

 

2019 жылдың 24-28 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы қытайдың «Nuctech Company Limited» компаниясымен бірлесіп Түркістан облысының «Сарыағаш-Станциясы», «Қазығұрт» кеден бекеттерінің негізінде  «Жүк автомобильдік және теміржол көлігін сканерлеуге арналған инспекциялық-тексеру кешені. Пайдалану тәртібі  және тәжірибелік сабақтары» тақырыбында  семинар өткізді.

Семинарға тыңдаушылыр ретінде инспекциялық-тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) жұмыс істеуіне жауапты аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде «Nuctech Company Limited» қытай компаниясының сарапшы-инженерлері  қатысты.

Семинардың мақсаты  -  әкелуге тиым салынған тауарларды анықтау үшін ИТК жұмыс істеу саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Семинарға қатысушылар ИТК жалпы құрылысымен, ИТК қолдану әдістемесімен, ИТК жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен, рентген суреттерін өңдеумен, «Nuctech Company Limited» компаниясы өндірісінің жаңа технологияларымен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. Тыңдаушылар ИТК қолдану кезінде өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнама толтырып,  «NUCTECH Limited Company» компаниясының өкілдеріне білім деңгейін тексеруге тест тапсырып, сертификаттар кейін берілетін болды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі