
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫ ҚАЗАҚСТАННАН ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН
Өзбекстан азаматы автокөлігінің артқы дөңгелегінің жоғары жағында 7 дана күдікті түйнек заттар анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті зат - «смола канабиса» есірткі заты екені белгілі болды.
24.06.2019 жылы сағат 09-00 минут шамасында Түркістан облысы бойынша МКД-нің «Жібек Жолы» кеден бекетінде кедендік тексеру барысында: ЭТД маман-офицері А.Д, «Жібек Жолы» кеден бекетінің жетекші маманы ИТК операторы А.Ғ, және «Жібек Жолы» ҰҚК Шекара қызметінің кинолог-маманы И.А. қатысуымен «Жібек Жолы» кеден бекетінде Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына өту бағытындағы автокөлік құралдарын тексеру кезінде, қызметтік иттердің көмегімен , Шевролет «Каптива» маркалы автокөлігі жүргізушісі 01.08.1983 жылы туылған, Өзбекстан Республикасы азаматы М.Б, қызметтік иттердің арнайы белгі беру себебінен жоғарыдағы автокөлік тоқтатылды.
Кедендік тексеру кезінде «Жібек Жолы» кеден бекетінде орналасқан «RAPISCAN CO2» инспекциялық тексеру кешеніне кеден бекетінің жетекші маманы ИТК операторы А.Ғ сканерлеу арқылы автокөлік құралын тексеруден өткізді. Сканерлеу нәтижесінде автокөліктің артқы доңғалағының, жоғары жағында 7 дана күдікті түйнек заттар анықталды және автокөліктің күдікті заттары орналасқан орны арнайы белгімен «белгіленіп» арнайы тұраққа қойылды.
Жоғарыдағы автокөлік құралын Түркістан облысы ЭТД қызметкерлерімен бірге ашып тексеру барысында автокөліктің оң жақ артқы доңғалағының ішкі тарапының үстіңгі жағында орналасқан қабықшасының (обшивка) ішкі жағына жасырылған, 7 дана түссіз полиэтилен пакетке оралып қатырылған, айрықша иісі бар қоңыр түсті заттар анықталды. ИТК құрылғысының сканерлеу нәтижесі расталып айғақты заттар арнайы сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысы бойынша 3522,146 грамм «смола канабиса» есірткі заты анықталып, сотқа дейін тергеу амалдары басталды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі