Date of publication: 02.07.2019 11:34
Date of changing: 02.07.2019 11:38

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 жылдың 18 сәуіріндегі №14 нұсқамасына сәйкес Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебінде болуы, бақылау-кассалық машиналардың болуы, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы, акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы, лицензияның болуы бойынша тақырыптық тексеру ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап 7 маусымына дейін жүргізілді. Тексеруге Мемлекеттік кірістер органдарының 11 қызметкері тартылды, нұсқамада көрсетілген 16 көше, аумақтың барлығы тексерумен қамтылды.

         Тексеру қорытындысымен салық заңдылығын бұзушылыққа байланысты 122 акт түзіліп,  143 салық заңдылығын бұзушылық анықталды. Оның ішінде бақылау-кассалық машиналары болмаған 39 дара кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, ескерту берілді. Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне тұрмай кәсіпкерлікпен айналысқан 5 жеке тұлғаға және лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан 10 дара кәсіпкерге Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабының  1-тармағына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық істер қозғалып, қарау үшін тексеру материалдары сот органдарына жолданды. Ілеспе жүкқұжаттарынсыз  мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан 1 салық төлеушіге Әкімшілік кодексінің 281-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына  сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, қарау үшін тексеру материалдары сот органдарына жолданды. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдық (құрылғы) болмаған 87 заңды тұлғалар         мен дара кәсіпкерлерге Әкімшілік кодексінің 195-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, ескерту берілді. Салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтата тұру туралы Мемлекеттік кірістер органының шешімі шығарылған кезде кәсіпкерлікпен айналысқан 1 дара кәсіпкерге Әкімшілік кодексінің 271-бабының 1-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды.

          Тексеру барысында, патент жүйесіндегі арнаулы салық режимін қолдану шарттарын бұзған жалдамалы жұмысшылары бар, салық есептілігін тапсырмай немесе «0»  көрсеткіштермен тапсырып жүрген, жалдамалы жұмысшыларын салық есептілігінде аз көрсетіп жүрген, кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып жатқан ғимараттарының бағалау құндарын салық есептілігінде төмен көрсетіп жүрген салық төлеушілерге салық заңдылығын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

                                                       

Шымкент қаласы бойынша МКД

Экспорттық бақылау басқармасы