Date of publication: 03.07.2019 11:36
Date of changing: 03.07.2019 11:37

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (әрі қарай – Салық кодексі) Заңының 534-бабына сәйкес,       1) казино;

      2) ойын автоматтары залы;

      3) тотализатор;

      4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

 

Салық кодексінің 83-бабында ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша көрсетілген тұлғалар  Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға құқығы жоқ екені жазылған.

 

     Сонымен қоса, ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша аталған тұлғалар  Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ең аз мөлшерлемеден (ЕАК 30000) асқан кезде міндетті түрде қойылуға жатады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 75,7 млн.теңгені құрады.

 

 

Шымкент қ. бойынша МКД

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы