Date of publication: 05.07.2019 18:00
Date of changing: 05.07.2019 18:26

2019 жылдың 05 шілдесінде «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясының жүлдегерлерін, яғни  Шымкент қаласы Еңбекші ауданының тұрғыны - Әсия Ахметованы және Еңбекші ауданының тұрғыны – Ақмарал Утегенованы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Айфон-7» ұтыстарымен марапаттады.

         Департамент басшысы Нұралхан Оралбайұлы Көшеров бақытты жеңімпаздарға айфон жетінші моделін сыйға тартып, азаматтық белсенділігін танытқаны және Акцияға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

         Шаһарымыздың әр тұрғыны, сауда-саттық жасағанда немесе қызмет түрін алған кезде, бақылау-касса машинасының чегін талап ету арқылы көленкелі экономиканы төмендетуге және табысқа салық салу мөлшерін көбейтуге зор үлесін қосатындығын және бұл акция халықтық бақылау болып табылатындығын  Көшеров Н.О. өз сөзінде айтып кетті.

         Ұтыс иелері - Әсия Ахметованы өзі және ағайын-туыстары Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан өткізіліп жатқан акцияға әр жылы қатысатындықтарын, ал Ақмарал Утегенова өзінің телефон нөмірін жүлдегерлер тізімінде көрген сәтте, құанышқа бөленгенін айтып, қаланың барлық тұрғындарын Акцияға белсенді қатысуға шақырды.

         Жалпы республикалық ауқымды «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 8 тамызға дейін жалғасын табады.

         Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

         Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

         «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады. Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

        

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы