
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ШЕШІМДЕРДІ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ БЕКІТІЛДІ
2019 жылдың 1 шілдеден бастап «Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығы (бұдан әрі – кедендік құнның алдын ала шешімдері) қолданысқа енгізілгені туралы Қазакстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды. Бұйрық «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоғарыдағы көрсетілген бұйрық тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді шығару тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.
Кедендік құнның алдын ала шешімдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде:
- өтеусіз шарттар бойынша, атап айтқанда сыйға тарту, өтеусіз жеткізу шарттары бойынша (мысалы, жарнама, көрме үлгілерін өтеусіз жеткізу шарты);
- жалға алу шарттары бойынша;
- делдалдық шарттар бойынша, атап айтқанда бағаны қамтымайтын комиссия шарты, консигнация шарты, агенттік шарты, олар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шығару үшін сатылатын тауарлар бойынша;
- қарыз, тауарлық кредит шарттары бойынша, олар бойынша тауарлар немесе оларға балама тауарлар меншік иесіне қайтарылуға жататындар бойынша;
- сараптаманы, сәйкестікті бағалауды (растауды) жүргізу үшін (оның ішінде зерттеулер, сынақтар, тексерулер, эксперименттер және қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету);
- жарғылық капиталға (қорға) салым ретінде қабылданады.
Кедендік құнның алдын ала шешімдері аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)