
Жаз мезгілімен қатар еңбек демалысына шығатын кезең де басталды. Тұрғындарымыздың кейбіреуі шет мемлекеттеріне демалысқа аттанады. Көптен күткен демалысы уақытында келеңсіз жағдайларға бой алдырмау, саяхаттың бұзылуына жол бермеу мақсатында, салық төлеушілерді салықтар мен төлемдер бойынша берешектердің болуы/болмауын тексеруге шақырамыз.
Осындай ақпаратты алу үшін бар болғаны екі минут уақытыңыз кетеді, ол үшін ҚР ҚМ МКК https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web («Электрондық сервистер» - «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) сайтына ЖСН терсеңіз болғаны, бұлар бойынша есепке алу мемлекеттік кірістер органдардарында жүргізіледі. Аталған операцияны кез-келген гаджеттер - смартфондар, планшеттер және т.с.с арқылы жасауға болады.
Берешек болған жағдайда, төлемдерді екінші деңгейлі кез-келген банкте, Қазпошта бөлімшелерінде немесе электронды порталдар (Новости Казахстанbank, Kaspi.kz және т.б. терминалдар арқылы) төлеуге болады.
Салықтар бойынша 1-реттік айлық есептік көрсеткішінен асатын (2019ж. – 2625 теңге) мөлшерде берешегі бар жеке тұлғаға қатысты берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық шығарылады. Бұдан әрі салықтық бұйрықты табыстаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде төлемеген жағдайда, құжат сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындау үшін жолданады.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы