Date of publication: 16.07.2019 11:41
Date of changing: 16.07.2019 11:42

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей төмендегі салықтық есептілікті ұсыну қажет екенін естеріңізге салады:

  1. шағын бизнес субъектілері үшін 2019 жылғы 1-жартыжылдық бойынша 910.00 ф. жеңілдетілген декларациясы;
  2. 2019 жылғы 2-тоқсан бойынша ЖТС және әлеуметтік салық бойынша 200.00 ф. декларациясы;
  3. 2019 жылғы 2-тоқсанға ҚҚС бойынша 300.00 ф. декларациясы;
  4. 2019 жылға жер және мүлік салықтары бойынша 701.01 ф. ағымдағы төлемдер:

-салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер өзгерген жағдайда – ағымдағы салықтық кезең ішінде 15 тамыздан кешіктірмей;                                             

- салық төлеушіні тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі  айдың 15-нен кешіктірмей;                                                 

- объектілерді қолдануға, сенімгерлік басқаруға және жалға берген айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей.

 

  1. 2019 жылғы 2-тоқсанға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер бойынша 870.00 ф. (төлемдері 100 АЕК және жалпы жылдық көлемінен асатын төлеушілер үшін ластау объектілері, ластанудың жылжымалы көздері бойынша) декларациясы.

                                                                 

                                                                   Шымкент қаласы бойынша МКД

                                                                      Түсіндіру жұмыс басқармасы