Date of publication: 02.08.2019 16:52
Date of changing: 02.08.2019 16:54

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде импортқа қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) тауарларды алушының тіркелген мекен-жайы бойынша төленеді

Осыған байланысты, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер органына салықтық кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-нан кешіктірмей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны (СЕН 320.00) тапсыруыңыз қажет.   

Бұдан басқа, қосылған құн салығын тұрған жеріңіз (тұрғылықты жеріңіз) бойынша  салықтық кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-нан кешіктірмей төлеуіңіз тиіс екендігін ескертеміз.

Аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті (СЕН 328.00) қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде, не тек электронды түрде Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуыңыз қажет.

Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • Жанама салықтарды төлеу туралы банктің түбіртегі;
  • Тауарғаілеспеқұжаттар;
  • келісім-шарт (мәміле);
  • шот-фактураларжәнет.б. құжаттар.

Декларация мен Өтінішті электронды түрде тапсырған уақытта аталған құжаттар тапсырылмайды.

Жоғарыда аталған салық есептілік нысандарын уақытында не болмаса тапсырмаған жағдайда, салық төлеуші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 272 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші «ескерту», егер де әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса «15-тен бастап 75 айлық есептілік көрсеткішке дейін айыппұл (37875-189375 теңге)» салынады.

Сонымен қатар, жанама салықтарды төлемеген, не толық төлемеген не болмаса уақытылы төлемеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 287 бабының 1 тармағына сәйкес «10-нан бастап 50 айлық есептілік көрсеткішке дейін айыппұл (25250-126250 теңге)» салына отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қосымша ақпарат www.kgd.gov.kz сайтында немесе салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларынан алуға болады.

Ақпарат алу үшін Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс телефоны: 35-46-72