Date of publication: 05.08.2019 09:37
Date of changing: 05.08.2019 09:40

Құрметті салық төлеушілер!

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 15  тамыз күні келесі нысандар бойынша салықтық есептілікті тапсыру мерзімдерінің аяқталатынын естеріңізге салады:

  • жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша 200.00 нысанындағы декларация – 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • қосымша құн салығы бойынша 300.00 нысанындағы декларация – 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • акциз бойынша 400.00 нысанындағы декларация, салық салумен байланысты құрылымдық бөлімше немесе объектілері үшін акциздерді есептеу 421.00 нысан бойынша - 2019 жылдың маусымына;
  • экспортқа рента салық бойынша 570.00 нысандағы декларация - 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • пайдалы қазбаларды алуға салық бойынша 590.00 нысанындағы декларация - 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • ойын бизнесіне және тіркелеген салыққа 710.00 нысан бойынша декларация - 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • жер бетіндегі көздердің су ресурстарын қолдануға төлеу бойынша 860.00 нысанындағы декларация - 2019 жылғы 2-тоқсандағы;
  • қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша 870.00 нысанындағы декларация - 2019 жылғы 2-тоқсанға;
  • төлеу көзінің резидент табысынан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша  101.03 нысанындағы есептілік – 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • төлеу көзінің резидент емес табысынан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша 101.04 нысанындағы есептілік – 2019 жылдың 2-тоқсанына;
  • шағын бизнеске жеңілдетілген 910.00 нысанындағы декларация – 2019 жылдың 1-жартыжылдығына.

Электрондық түрдегі декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті»  Web-қосымшасы арқылы  http://cabinet.salyk.kz  мекенжайы бойынша немесе электрондық түрде СЕН тапсырудың ұқсас тәсілі ретінде  жүзеге асырылатын салық төлеушілер үшін СОНО АЖ клиенттік қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Аталған декларацияларды соңғы күндерге қалдырмай, уақытылы тапсыруға кеңес береміз!

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы