Date of publication: 07.08.2019 16:38
Date of changing: 07.08.2019 16:55

         2019 жылдың 07 тамызында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясының кезекті жүлдегерін салтанатты түрде марапаттауы өтті

         Осы жолы, қатысушылар арасында ойнатылған «Айфон-7» смартфоны Аль-Фараби ауданының тұрғыны Бердіқұл Айданаға бұйырды.

         Департамент басшысының орынбасары Құлымбетов Нұрпеис Таңсықбайұлы бақытты жеңімпазға айфон жетінші моделін сыйға тартып, азаматтық белсенділігін танытқаны және Акцияға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануы қажет. Шаһарымыздың әр тұрғыны, сауда-саттық жасағанда немесе қызмет түрін алған кезде, бақылау-касса машинасының чегін талап ету арқылы көленкелі экономиканы төмендетуге, табысқа салық салу мөлшерін көбейтуге, халықтың табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға  зор үлесін қосады. Аталған Акция салықтық мәдениетті қалыптастыруға сонымен қатар, тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған. Акция 8 тамыз күні өз мәресіне жетеді, бірақ Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан жыл сайын өткізіліп отырады және алғашқы уақытта осындай Акцияға белсенді қатысуды  Құлымбетов Н.Т. өз сөзінде айттып өтті»

         Ұтыс иесі – Бердіқұл Айдана  өзі сөзінде  ағайын-туыстары Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан өткізіліп жатқан Акцияға әр жылы қатысатындықтарын және  өзінің телефон нөмірін жүлдегерлер тізімінде көрген сәтте, құанышқа бөленгенің айтып – қаланың барлық тұрғындарын келесі өткізілетін Акцияға белсенді қатысуға шақырды.

         Жалпыреспубликалық ауқымды «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 8 тамызға дейін өткізілді, сонымен қатар күн сайын әрбір  қатысушы «Айфон-7» смартфонына ие болды.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы