
Бүгінгі таңда, әлеуметтік салада, қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси неме экономикалық даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген сөздің өзі «corruptio» деген латын сөзінен «параға сатып алу», «пара» деген ұғымды білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» деген түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Тәжірибе көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, т.с.с. қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму процесін баяулататын және елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сол себепті, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқығын түсіндіру жұмыстарының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.
Барлық азаматтар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты тәртібін толық білулері қажет.
Бұл тұрғыда, халықпен тығыз қарым-қатынаста болатын мемлекеттік кірістер органдары тарапынан ауқымды түсіндіру шаралары жүргізілуде.
Атап айтқанда, салық және кеден заңнамалары мен оларды қолдану ережелері, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама тұрақты түрде мемлекеттік кірістер органдарының ресми сайттарында, әлеуметтік парақшаларында жарияланып тұрады.
Салықтөлеушілермен өткізілетін семинарлар, дөңгелек столдар және басқа да кездесулер, салықтөлеушілерге заңсыз пара мен сыйлықтар бергендері үшін жауапкершілік түрлері бойынша парақшалар тарату сияқты түсіндірме жұмыстарының тиімділігі артуда.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының ресми сайттарында және барлық әкімшілік ғимараттарында «сенім телефондары» мен әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер орналастырылған.
Мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізіліп, заңмен нақты реттелмеген мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерге, регламенттерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар жолданып тұрады.
Осылайша, бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары шеңберінде, халық арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру және профилактикалық жұмыстарға ерекше мән берілуде.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Адам ресурстары басқармасының
бөлім басшысы Т.Тленшин