Date of publication: 26.08.2019 10:29
Date of changing: 26.08.2019 10:32

"Виртуалды қойма"  (ВҚ) модулі  - импорттау немесе Қазақстан Республикасы аумағында өндіру кезеңінен соңғы тұтынушыға дейін өткізу немесе экспорттау кезеңіне дейін тауарлардың алып өтуін автоматты түрде бақылауға мүмкіндік беретін «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінің модулі.

Бастапқы кезеңде 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап «ВҚ» модулінде автөкөлік құралдарына қатасты болатын, ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тізбеге келесі тауарлар енгізілді, олар:

- қант шикі заты;

- теледидарлар;

- тоңазқыштар.

Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына, яғни  2019  жылдың  1 шілдесінен  бастап тоңазытқыштар, теледидарлар, қант-шикізатын сату және электронды шот фактуралар шығару «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесінде тек қана "Виртуалды қойма" модулі арқылы  жүзеге асырылуы тиіс екендігін жеткізеді.

Алайда, салық төлеушілер, сонымен қатар қоймадағы импортталған/сатып алынған халық тұтынатын тұрмыстық техникаларды өз меншіктеріне, тек бір рет сатып алғандығы жөнінде айтылады. Салық төлеушілердің  «Виртуалды қойма» модулінен жалтаруы ол дегеніміз салықтан жалтаруы болып табылады.

Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдаланып салық төлеушілерді хабардар етеміз. Қазақстан  Республикасы аумағында өз іс-әрекетін атқару мерзімі аралығында халық тұтынатын тұрмыстық техникаларды өз жеке меншіктеріне  сатып  алған болса, онда тұрмыстық техникаларды қадағалау қоймадан есептен шығару кезінде «Виртуалдық қойма» модулі арқылы жүзеге асырылады.

Тауарлар аса жоғары жиілікпен көптеп сатып алынса, онда  барлық тауарларды импорттау/сатып алу тек «Виртуалдық қойма» модулінде бақылауында болады.

«Виртуалдық қойма» модулі - тұтынушыларға сатып алынатын өнім туралы, барлық ақпаратты алуға мүмкіндік береді, ал Еуразиялық экономикалық одаққа  мүше мемлекеттер  нарықтағы фальсификат деңгейін төмендетіп, салық төлеуді бақылай алады.

 

Жанама салықтарды әкімшілендіру

басқармасының бас маманы

С.Мақұлбаева