
23.08.2019 жылы Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында басқарма басшысы Н.Төлеевтың төрағалығымен және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал өкілі А.Қылышбаеваның қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.
Кездесуге ауданда тіркелген салықтөлеушілер мен басқарма қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы шеңберінде атқарылып жатқан шаралар, жемқорлықтың алдыналу маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік, жаза түрлері туралы мәселелер талқыланды.
Басқарма басшысы Н.Төлеев қарамағындағы қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау туралы нақты тапсырмалар беріп, салықтөлеушілерді қызметкерлерге ешқандай сыйақылар бермеуге, заң шеңберінде жұмыс жасауға шақырды.
«НұрОтан» партиясының аудандық филиал өкілі А.Қылышбаева өз тарапынан сыбайлас жемқорлық салдарын және онымен күресу қажеттілігі туралы түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, кездесу барысында сыбайлас жемқорлық үшін, яғни пара бергені үшін тұлғалдардың жауапкершілі туралы парақшалар салықтөлеушілер арасында таратылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.Төлеев «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал өкіліне алғысын білдіріп, барлық қатысушыларды заңдылықты сақтауға шақырды.