Date of publication: 04.09.2019 17:36
Date of changing: 04.09.2019 17:36

Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және салық органдары тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.

Салық кодексінің 31-бабына сәйкес салық төлеушінің ҚР салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салықтық міндеттеме деп танылады, соған орай салық төлеуші мынандай әрекеттерді жасауға:

1) салық органында тіркеу есебіне тұруға;

2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізуге;

3) салықтардың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептеуге;

4) Салықтық нысандарды және осы Салық кодексімен белгіленген өзге де нысандарды жасауға;

5) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті.

                Сәйкесінше, салықтық міндеттемелерді орындау шегінде салық төлеушілермен жасаған әрекеттерге байланысты әр түрлі тәуекелдер туындайды және тәуекелдер сипатына байланысты салық органдарымен тәуекелдерді бағалау, оларға әрекет ету шаралары мен оларды барынша азайтудың әр түрлі әдістері қолданылады.

         Бұл стратегия әлемдік тәжірибеге сай келеді және Салықтық әкімшіліктендіруді реформалау Жоспары аясында халықаралық сарапшылармен ұсынылған.

 

Санаттау нәтижелеріне қатысты.

Төмен, орта және оғары тәуекелдер деңгейі санатына қызметтерін жатқызу арқылы салық төлеушілерді (салықтық агент) санаттау салық кодексінің 136-бабы және «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына (бұдан ары-ТБЖ бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

Санаттау нәтижелері бойынша берілген тәуекелдер дәрежесіне байланысты, салық төлеушінің салықтық міндеттемеге байланысты салықтық әкімшіліктендіру шаралары дифференцияланады:

1)  оңайлатылған тәртіппен жекелеген ДК санаттарының қызметін тоқтату;

2) ҚҚС бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру;

3) салық есептілігін ұсынуды ұзарту, тоқтата тұру;

4) уақытылы орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету;

5) салық берешегін мәжбүрлеп өндіру.

         ТЖБ бұйрығының 11-тармағына сәйкес санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын (бұдан ары-ашық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын (бұдан ары-жабық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі.

         Санаттау нәтижелері бойынша берілген тәуекелдер дәрежесі туралы ақпарат  ҚР ҚМ МКК ресми сайтында (Электронды сервистер/Бизнеске көмек/Санаттау нәтижелері бойынша салық төлеушінің тәуекелдер дәрежесі) (https://kgd.gov.kz/ru/services/degree_of_risk) жарияланады, сондай-ақ салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан ары-СТК) web-қосымшасында іске қосылған ашық өлшемшарттар бойынша мәліметтерімен жеке жіберіледі.

Жоғарыда аталған барлық ақпарат, сондай-ақ салық төлеушілердің СТК алынған мәліметтері туралы электронды түсініктемелері мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне БДҚ АЖ «Талдамалы есептер құрылымдаушысы» модулінде («Санаттау» шаблоны) қол жетімді.

Салық төлеушілерге берілген тәуекелдер дәрежесін өзгерту мүмкіндіктері мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар:

1) ТБЖ бұйрығында мазмұндалған ашық өлшемшарттардың тізбесі мен оларды есептеу әдістемесімен танысу. Өлшемшарттар тәуекелдер дәрежесіне теріс әсері («плюс» балымен тәуекелдер дәрежесін арттырады), сонымен бірге оң әсері де («минус» балымен тәуекелдер дәрежесін төмендетеді)  болатындығына назарларыңызды аударамыз.

2) СТК-не жіберілген іске қосылған ашық өлшемшарттар (көрсеткіштер, мәндер, баллдар саны) бойынша есептің түсіндірілуін талдау;

3) нәтижелермен келіскен жағдайда, тәуекелдер дәрежесіне әсер еткен көрсеткіштерді назарға алып, оларды салық есебінде ескеру;

4) ашық өлшемшарттарды есептеу бойынша қандайда бір мәнімен келіспеген жағадайда, электронды түсініктемені «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы жіберу;

5) түсініктеме дәлелденген жағдайда, өлшемшарттар қайта есептеледі және аталған қайта есептеу тәуекелдер дәрежесін өзгертсе «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына тиісті хабарлама жолданады.

Салықтық тексеру жүргізу кестесіне енгізуге қатысты

Салықтық тексеруге іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» ҚР  Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі №3 бұйрығына және «Тәуекел жәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» (бұдан ары-Бірлескен бұйрық) ҚР ҚМ 2018 жылғы 28 қарашадағы №1030 және ҚР  Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы №86 бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бірлескен бұйрықтың 7-тармағымен салық тексерісі субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын (бұдан ары-ашық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын (бұдан ары-жабық өлшемшарттар) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептелетіндігі бекітілген.

Бірлескен бұйрықтың 6-тармағына сәйкес ашық өлшемшарттар тізбесіне мыналар енгізілді:

1) салықтық жүктемесiнiң коэффициенті;

2) жалған кәсіпорындармен, әрекетсіз салық төлеушілермен және олардың тіркелуін сот жарамсыз деп таныған салық төлеушілермен операцияларды, сондай-ақ сот оларды жасау іс жүзінде жұмыстарды орындаусыз, қызметтерді көрсетусіз, тауарларды тиеп жөнелтусіз жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді жүзеге асыру;                                                     

3) 0,98-ден 1-ге дейінгілерді қоса алғанда аралықтағы түзетуге дейінгі жылдық жиынтық табыс сомасына шегерімдер сомасының арақатынас коэффициенті;                                                                                                            4) корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдердің сомасын ұлғайтумен және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасын ұлғайтумен қосымша салық есептілігін ұсыну;                                        5) КТС бойынша салық есептілігін нөлдік көрсеткіштермен табыс ету, бұл ретте сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және (немесе) мемлекеттік сатып алуларға қатысу;                                            

6) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы.            8-тармаққа сәйкес   салықтық тексерулер тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары ықтималдылық көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылығынан шыға отырып ықтималдық көрсеткіші 51 пайыздан артық болған кезде салық төлеушілерге қатысты тағайындалады.

Салықтық тексеруге субъектілерді (объектілерді) іріктеу нәтижесі бойынша берілген тәуекелдер дәрежесі туралы ақпарат, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық кестесі нысанында ҚР Бас прокуратурасының интернет-ресурсында жарияланады.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.