Date of publication: 10.09.2019 12:57
Date of changing: 10.09.2019 13:00

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп-айырысу белгілі салық төлеушілер санатын қоспағанда бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) міндетті түрде  қолдану түрімен жүргізіледі.

         БКМ чегін бермеу нәтижесінде жалпы көлеңкелі экономика көлемін өсіруге әкелелетін тиісті салықтардың  төленбеуіне, табыстың қысқартылуына әкеледі. 

         БКМ чегін немесе тауарлық чекті бермеу немесе БКМ чегін немесе тауарлық чекті тауар сомасынан артық немесе кем көрсету әкімшілік жауапкершілікке тартылады сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың себептерінің бірі жеке және заңды тұлғалар хабарландырулары және өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына түскен хабарландырулар болып табылады.

         БКМ чектерін бермеу жолымен өз табыстарын жасыратын тұлғаларды анықтау мақсатында  "Азаматтық бақылау" Акциясы өткізілуде.

         Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін, аталған акция электронды форматта, көленкелі экономикамен күреске қарсы «Wipon»  мобилдық қосымша арқылы жүргізіледі.

         Акцияға қатысушысы ретінде  әр азамат бола алады. Сіз білесіз бе, егер сауда-саттық жасаған кезде БКМ чегін бермеген -ол салық заңнамасын бұзғаны деген. Чекті бермеу фактілері анықталған жағдайда, мобилды қосымша арқылы сауда орынның, дүкеннің фотосүретін немесе чекті бермеген сатушының фотосүреті мен арызды жолдауды азаматтардаң сұранамыз.Мобилды қосымшада арызды жолдауға арнайы жүйесі қарастырылған.

         Осыған орай, әр қарапайым қазақстандық өзінін белсенді іс әрекеттерімен көленкелі экономиканың мөлшерін төмендетуге, кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті арттыруға әкелетіні сөзсіз. Осылар өз кезегінде мемлекеттің қоржының толтырып қоғамғаның әл ауқаттын өсіреді.  

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.