
Жер учаскелеріне, мүлікке, және көлік құралдарына салық төлеу мерзімі жақындап келеді. Егер сіздің атыңызда ҚР аумағында төмендегі көрсетілген мүліктер болса;
- тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар тіркелген болса, онда сізге мүлік салығын төлеу қажет (БСК – 104102);
- жер учаскесі тіркелген болса, онда оған тиісті жер салығы салынады (БСК – 104302);
-көлік тіркелген болса, көлік салығын 31 желтоқсанға дейін төлеуді ұмытпаңыз (БСК – 104402).
Жыл сайын 1 қазанға дейін сіздің меншігіңіз бойынша салық төлемдерін өтеуді ұмытпаңыз. (Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімін келесі жылға ауыстыруға байланысты, яғни 2018 жылдың салықтарын 2019 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет).
Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі және көлік салығын төлеу үшін иелеріне VIN-кодты ұсыну қажет - көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (Vehicle identification number, VIN). 17 таңбадан тұратын көлік құралының бірегей коды. Деректер техпаспортта көрсетілген.
Өз салық міндеттемелерін уақытылы орындамаған барлық салық төлеушілерді, кейінге қалдырмай салықты бүгін төлеуге шақырамыз.
Салықтарды онлайн, екінші деңгейдегі банктерде және банкоматтар арқылы төлелеуге болады.
Салықтарды төлеуде нені білу қажет.
БСК – бюджеттік сыныптама коды.
ТТК – төлемді тағайындау коды.
СОК – салық органының коды.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы