Date of publication: 11.09.2019 09:11
Date of changing: 11.09.2019 09:12

Егер сіз алғаш рет өзіңіздің шағын бизнесіңізді ашуды шешсеңіз онда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға салық органына хабарлама жібереді немесе жеке кәсіпкерді (ЖК) электрондық форматта тіркеуін рәсімдеуге болады.

Жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылған, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

Жеке тұлғалар салық органын кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабардар етуге жеткілікті. Хабарлама жіберілген сәттен бастап бизнеспен айналысуға мүмкіндік береді және өзі ЖК ретінде тіркеудің болуын растау болып табылады, бұл қызмет еlicense.kz «электрондық лицензиялау» порталында тегін көрсетіледі.

Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін elicense.kz порталында тіркеуден өту қажет, тіркелгеннен кейін «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» қызметінің бетіне өтіңіз.

Қызмет бетінде «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет, содан кейін сізге лицензиарды, яғни сіз бекітілетін салық органын таңдау ұсынылады.

Қалыптасқан сұранымға ЭЦҚ-мен қол қойылады, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде сіз «Менің хабарлаларым» бөлімінде хабарлама аласыз.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы.